Шымкентте бензин жетіспей жатыр, бағасы аспандап барады

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте бензин жетіспей жатыр, деп хабарлады «Жанар-жағармай» май құю стансалары қауымдастығының президенті Қайыпбек Қамбаров.

«Біздің  облысқа     жанар-жағармай  материалдарын   үш  компания - «ПетроҚазақстан», «Торғай петролеум» және  «Қазгермұнай» компаниялары   жеткізулері керек.   Бензинді    қазір тек «Торғай петролеум»  ғана    жеткізіп  отыр.     Оның үстіне,      жанар-жағармай   экспортына мораторий  жарияланғаны  тағы бар»,-  деп  түсіндіреді  жағдайды     Қ.Қамбаров.

 Жалпы алғанда,   бөлшек сауда   үшін отынның жеткізілімі  жартысына  дейін төмендеп  отыр,  дейді май  құю  стансасының иелері.  Ал олардың   көпшілігінің  бюджеттің  мемлекеттік   ұйымдардың,     жолаушылар   және жүк тасымалдаушы    кәсіпорындардың алдарында міндеттемелері бар.  «Олар  алдын-ала  төлем жасайды,   сондықтан да біз, бірінші кезекте,    солардың   сұраныстарын қамтамасыз  етеміз - бензинді талондармен  береміз»,  дейді Қ.Қамбаров.

Ал бензин  қолма-қол  ақшаға сатылып  жатқан      стансалардың   біразы    бағаны  орта есеппен 5-6 теңгеге көтеріп жіберді.   Бүгінде АИ-92  маркалы бензиннің   бағасы  78 теңге мен 93 теңгенің аралығында.