16:23, 13 Сәуір 2009
Шымкентте бизнес-жобалардың жәрмеңкесі өтті
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте қаржы құрылымдары мен екінші деңгейдегі банк өкілдерінің қатысуымен бизнес-жобалардың жәрмеңкесі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жаңа жобалары туралы нақты ұсынысы бар немесе жұмыс жасап жатқан істерін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерге оларды қаржыландырудың мүмкіндіктері ұсынылды. Ықтимал кәсіпкерлермен танысу үшін екінші деңгейдегі 10 банктің, «Оңтүстік» ӘКК, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Максимум» облыстық инвестициялық орталығының өкілдері келді. Банкирлер мен даму институттары өз кезегінде тиімді идеяларға қаржы салуға мүдделілік танытты. Екінші деңгейдегі банктер «Даму» қорымен бірлесе отырып, жалпы сомасы 7 млрд. теңге болатын 240-қа тарта жобаны қаржыландырды. Қазір кәсіпкерлер, тоғыз жоба ауқымында 645 млн. теңге қаржыны игеруде. «Банкте ақша бар, бірақ кәсіпкерлердің белсенділігі төмен. Жәрмеңкенің мақсаты - кәсіпкерлердің белсенділігін арттыруға арналып отыр» - дейді ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Роза Назабекова.