Жұма, 10 тамыз күні Шымкентте «Митсубиси» және «Опель» жеңіл көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Митсубиси» көлігінің ішінде отырған 66 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.
Түрлі жарақаттар алған екі жүргізуші және олардың жолаушылары ауруханаға жеткізілді.