Шымкентте екпеден кейін екі айлық нәрестенің шетінеуі фактісімен қызметтік тергеу өткізілуде

ШЫМКЕНТ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Шымкентте облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы комиссиясы жұмысқа кірісті. Мамандар екі айлық баланың қайтыс болуының мән-жайларын анықтауы тиіс.

Ата-анасы қыз балаға екпе жасалған соң көз жұмды деп отыр. Анасының айтуынша, баланың бойында туа біткен патология болған, соның салдарынан оған вакцина егуге тыйым салынған еді. Алайда сәбиге жоспар бойынша егу өткізілді. Қыз бала арада тоғыз күн өткен соң көз жұмды. Ата-анасы учаскелік дәрігерлер - невролог пен педиатрды селқостық танытқаны үшін айыптауда.

Атап өтейік, баланың туыстары комиссияның тергеу қорытындыларын күтпей, прокуратураға өтініш берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында егер дәрігерлердің кінәсі расталса, олар заң бойынша жауап беретінін мәлімдеді.