«Облыс бюджетінен 23 млн. теңге бөлінді, 25 адамнан құрылған жұмыс тобы ақпараттық науқанды үш кезеңмен өткізуде», - деді ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Ол адам көп жүретін жерлерде ақпараттық дүңгіршектердің орнатылғанын атап өтті, мұнда бағдарлама тетігіне қатысты барлық сұрақтарға жауап алуға болады. Бұдан басқа, Шымкентте ҚР азаматы мен оның акцияларын сатып алғысы келген ұлттық компанияны байланыстыратын 4 брокерлік кешен ашылды. Брокерлік орындар «Қазпоштада», «АТФ банкінде», «Қазкомда» және «Халық банкінде» жұмыс істеуде. Бұдан басқа, қала бойынша 40 билборд орнатылды, жергілікті телеарналар эфирінде бейнероликтер көрсетілуде, семинарлар мен тренингтер өткізілуде.
Осы мәселелердің барлығы бүгін ОҚО әкімдігінде талқыланды. Мұнда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен «Самұрық Қазына» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев аймақ активімен кездесті. Кеңеске қатысушылар «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша ағартушылық жұмыстың барысын ортаға салды. Қыркүйек айында елдің бағалы қағаздар нарығына бұл бағдарлама аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акциялары келіп түседі. Бұл ұлттық компания қазақстандықтарға өз акцияларын сататын 10 компанияның бірі болады.