Ынтымақтастық меморандуммен бекітілген, оның аясында КҚО кәсіпкерлерге тегін түрде консультациялар өткізеді. «Қазіргі күні көптеген заңдар, біраз бағдарламалар кәсіпкерлердің мүддесіне арналған. Бірақ олар туралы бәрі білмейді, оны пайдаланбайды. Оның ішінде ең тиімдісін таңдауды біздің мамандар көмектеседі», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Виктор Томасевич. Оның айтуынша, орталықты құрушылар әлемдік тәжірибені жете зерттеп, көмектің ең тиімді түрін таңдады.
11:06, 08 Қараша 2010
Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды
ШЫМКЕНТ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау орталығы (КҚО) ашылды. Оны «Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық технопаркі», «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» бірлесіп құрып отыр.