Шымкентте коронавирустан көз жұмған 65 жастағы әйелдің басқа да аурулары болған

ШЫМКЕНТ ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында КВИ-дан көз жұмған науқас туралы тың мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

1955 жылғы азаматша - Шымкент қаласы Қаратау ауданының тұрғыны. 65 жастағы әйел 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қайта ПТР зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Науқастың қосалқы аурулары - өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан 11 мамыр күні сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.