Шымкентте медбике есірткі сатумен айналысқан

ШЫМКЕНТ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері

«Допинг»  жедел-алдын алу іс-шарасының барысында Шымкенттің 50 жастағы әйел тұрғынын ұстады.

Тергеушілер анықтағандай, әйел есірткі заттарын сатып келген. Облыс орталығындағы медициналық мекемелердің бірінде медбике 2 мың теңгеге «Диазепам» психитроптық заты бар екі шприцті және «Зептол 200-дің» 4 дәрісін сатқан. Есірткі затын 21 жастағы қыз сатып алды. Заттық айғақ ретінде тәркілеген психотроптық дәрі-дәрмектердің жалпы салмағы шамамен 8 мг-ды құрады. 

ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тексеру амалдары жүргізілуде.