Мұны көрген куәгерлер оқиғаны мобильдік телефонға түсіріп алған. Онда үш адам қоқыс таситын көлікке тиеу үшін контейнерден туға қалай қоқыс салып жатқаны анық көрінеді. Оқиға қай жерде болғаны, қызметкерлер қай компанияда осындай тәсілмен қоқыс төгетіні жайлы Шымкенттің ҚІІБ қызметкерлері анықтау үстінде.
«Кінәлілер «Мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы» ҚР ҚК 372-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Олар 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейді не түзеу жұмыстарына тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - деді Шымкент ҚІІБ бастығы Дархан Мейірхан.
Қазір бригада қызметкерлерінің кім екені анықталуда.