Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Қанат Сыдықовтың мәліметтерінше, «Өндірістік тауарлар» аталымында «Қазмедприбор» компаниясы жеңіске жетті. Бұл кәсіпорын медициналық жабдықтау саласында еңбек етуде, мұнда медициналық жиһаз бен жабдықтар шығарылады.
«Зерде-фито» ЖШС «Халыққа арналған тауарлар» аталымында үздік танылды. Бұл компания шөптен жасалған шайдың 200-гу жуық түрін шығарады.
«Ордабасы құс» ЖШС-нің ет өнімдері «Азық-түлік тауарлары» аталымында жеңімпаз аталды. Бұл кәсіпкерлік екі жыл ғана жұмыс істегенімен, оның өнімдері облыс тұрғындарының үлкен сұранысына ие болды. ЖШС-те құстарды өсіру және күркетауық етін өңдеу бойынша тұтастай кешен жұмыс істейді.
Енді бұл компаниялардың барлығы аймақ атынан «Қазақстанның үздік тауары» ресубликалық байқауында сынға түседі.