Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 26 адам инфекциялық стационарға жатқызылған. Ал, 86 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1290 орын бар болса, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды. Сондай-ақ, 816 төсек орын бос тұр. Инфекциялық стационарда тағы 474 науқас емделуде.
«Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 354 626 болса, оның ішінде 21 сәуір күні 2 530 адамға жасалған. Сонымен қатар, қалада вакцина салдырушылар саны артуда. Бір тәулік ішінде 1 897 адам вакцина алды (I компонент-1834, II компонент- 63). Егу науқаны басталғалы барлығы 73 118 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7065 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған» делінген хабарламада.