Шымкентте сандық кітапхананың таныстырылымы өтті

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте сандық кітапхананың таныстырылымы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл - Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның бірлесіп жүзеге асырған жобасы. Сандық кітапхана - жүздеген заңдар мен заң күші бар актілер жинақталған бағдарлама. Құжаттардың тақырыптары азаматтардың әкімдіктер мен мәслихаттарға ең жиі келіп түсетін сауалдары мен өтініштеріне жүргізілген талдаудың негізінде іріктеліп отыр. «Құқықтық мәліметтермен халықты кеңінен таныстыру - Қазақстандағы демократиялық дамуға қолдау көрсетуге негізделген біздің жұмысымыздың басымдықты бағыттарының бірі», - дейді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Стелиана Недера ханым.