Шараны ұйымдастыруды қала әкімдігі, ОҚО кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық және туризм басқармасы мен «Жібек жолы» туристік компаниясы өз мойнына алыпты. Туристік автобус балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, ішкі туризмді дамытуға, оны насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаһарымыздағы демалыс орындары мен саябақтар, аллеялар мен әкімшілік-іскерлік орталықтарын тамашалау арқылы қаламыз туралы тереңірек білуге болады. Абай саябағынан бастау алатын бағыт Ордабасы алаңы, Тәуелсіздік саябағы, дендросабақ пен зообаққа дейін жалғасатын болады. Ал ұйымдастырушылар бұл шара күн суытқанға дейін жалғасады деп отыр. Автобуста арнайы гидтер жұмыс жасайды. Жақын күндері аудиогид іске қосылмақ.
Сонымен қатар алдағы уақытта Түркістан қаласына саяхат ұйымдастыру да жоспарланып отыр.