ТЖД баспасөз хатшысы Арман Әсібековтың хабарлауынша, оператордан жану туралы хабарлама 21 қаңтарда келіп түсті.
Оқиға орнына өрке қарсы қызметтің 83 қызметкері, 7 негізгі техника бірлігі, 2 арнайы және 1 жәрдемші техникасы шықты. «Келген кезде жалпы аумағы 160 шаршы метрді алған «Бибо» көлікке жанармай құю орнында мұнай өнімдерін тасымалдайтын «КамАЗ» және «ЗИЛ» маркалы екі көлікті жалын шарпи бастаған», - деді баспасөз хатшысы.
Өрт салдарынан «Бибо» ЖШС-нің иелігіндегі «ЗИЛ-130» маркалы көлік толық жанып кетті, жеке тұлғаның «КамАЗ» көлігі жарым-жартылай зақымдалды, сондай-ақ май құятын колонкалар қаптауларының пластмассалық бөлшектері балқып кетті. «Оттың мұнай өнімдерінің сұйық қоймаларына тарауына жол берілмеді», - атап өтті А.Әсібеков.
Оның мәліметтерінше, өрт 20 минуттан кейін ауыздықталып, 29 минуттан кейін толық өшірілді. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖБ-ның құтқару жасағы мен тергеу қызметкерлері, электр желілері, газ, полиция, жедел медициналық қызметкерлер келді. Қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі мен одан келтірілген зиян анықталу үстінде.