ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жедел жәрдем көлігімен апатқа түскен дәрігердің жағдайы қалыпты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкентте «NISSAN TIIDA» маркалы автокөлік жедел жәрдем көлігіне соқтығысып, салдарынан 4 адам зардап шеккен еді. Оқиға Жаңақұрылыс және Байшұбар көшелерінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Екі адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне қайтарылса, 33 жастағы дәрігер аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Мамандардың айтуынша, басынан соққы алған дәрігердің қазіргі жағдайы қалыпты.
Айта кетейік, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.