Жұрттың наразылығына тап болған полицейлердің бірі - Аманқос Асанов. 34 жастағы инспектор бағдаршамда сызықты басып өтіп, сол жақ жолаққа тұрған.
Осы сәтті жолаушылар суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған. Ол кейін «Заң алдында расымен бәріміз бірдейміз бе?» деген тақырыппен талқылған.
Кейін жергілікті полиция басшылығы жол-патрульдік полиция инспекторына 5 АЕК көлемінде айыппұл салды.
Бұдан былай жергілікті полиция өз қызметкерлерінің осы тектес әбес қылықтарына қатаң жаза қолдануды қолға алмақ.