Арнайы шара барысында жыныстық қызмет көрсету мақсатында жезөкшелер қызметін ұсынған 43 жастағы екі сауна әкімшісі құрықталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қаладан шалғай жерге шығуға тыйым салынды.
14:31, 13 Наурыз 2013
Шымкентте жыныстық қызмет көрсеткен сауна анықталды - ІІМ
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласында жеңгетайлықтың екі фактісін әшкереледі. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.