Оның хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қазастанның басқа да аудандары секілді, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Беларус елдерінің тауар тасымалдаушыларымен бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Б.Айтбаев көкөніс сақтау қоймасының негізгі мақсаты отандық өнімді қабылдау болып табылатындығына тоқталды.
Оның ойынша, бұл қойманың жұмысы Қазақстан өңірлерінің барлық халқын қолжетімді көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді. «Біздің бағаларымыз базардағы бағалардан төмен. Мысалға, біз қызанақты бір келісі үшін 180-200 теңгемен сатамыз, ал дәл сондай қызанақ еліміздің оңтүстігінде бір келісі үшін 200 теңгеден, ал солтүстікте бір келісі үшін 400 теңгеден сатылады», - деді Б.Айтбаев.