Шымкенттік базарлар қауіпті - ОҚО өрт сөндірушелерінің мәлімдемесі

ШЫМКЕНТ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Шымкент базарлары өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейді. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық орталығының өрт сөндірушілері мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер «дөңгелек үстел» отырысына базарлардың иелерін де шақырды. Кәсіпкерлерге өрт сөндірушілердің енді бірде-бір тексерісі туралы хабарламайтыны ескертілді.

Қазіргі кезде күлкілі жағдай орнады, деп ашуланды ОҚО ТЖД бастығының орынбасары Бақытжан Құлмағанбетов. Оның айтуынша, барлық қалалық базарларға өткелдер жабық. Тексеріс алдында ашылып, содан кейін қайта жабылады. Бұл ретте базарларда гидранттар жұмыс істемейді, ал электр тасымалдау желілерін ауыстыру керек.

Базарлардың басшылығы барлығын ретке келтіруге уәде беріп, кезекті айыппұл төлейді, бірақ келесі тексерісте жағдай қайталанады. Шымкенттің өрт сөндірушілері қатаңдау болатынына сөз берді.

Қаланың барлық базарлары тексерістен өтеді, Министрліктің бұл бұйрығы «Бекжан» базарындағы соңғы өртпен байланысты. Бұл ретте ТЖД-нен Шымкенттегі ірі базарда болған қайғылы оқиға базар иелерін ештеңеге үйретпегенін атап өтеді.

Б.Құлмағанбетовтың айтуынша, өрттен зардап шеккендер ағаш сөрелерін орнатады, бірақ бұл ретте сату орны арнайы өртке төзімді бояулармен өңделмейді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда Шымкентте қаладағы ең ірі базарлардың бірі - «Бекжан» өртке оранды. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, термиялық күйіктер алған тағы біреуі ауруханаға жатқызылды. 7 мыңға жуық саудагерге материалдық шығын келтірілді.