Өрттің салдарынан «Мармелад» кафесінің ауласында көлемі 81 шаршы метр тапшаны мен 12 шаршы метр жазғы асханасының шатыры жанып кеткен. Тілсіз жаудан көрші тұрған Байтұрсынов көшесі № 24 «А» үйдің 28 шаршы метр, № 24 үйдің 48 шаршы метр және ЖК «Егізбай» қарасты қарауылхананың 6 шаршы метр шатырына өткен. Өрттің жалпы көлемі 175 шаршы метрді құраған. Жалынды сөндіруге 27 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 19:35-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, кеше кешкі сағат алтылар шамасында қаланың орталығындағы «Мармелад» дәмханасынан от шығып, жалын көрші тұрған үйлерге тарап кеткен болатын . Куәгерлер өртенген дәмхананың сыртқы ауласын бейнтаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған еді. Әзірге ТЖД өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.