Биіктігі 3 метр суретті шымкенттік суретшілер Артем Алтын мен Руслан Құлтасов бірнеше сағат салған. Сурет салуға арналған алып кенеп Шымкенттің орталығында мега-орталық маңына орналастырылды.
«Бұл туындыны Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы жеңісіне арнаймыз деп шештік. Бұл портретті «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына тарту етеміз», - деді суретшілер.
Портретті салу үшін олар шамамен 5 сағат уақытын арнады.