Шымкенттің 43 мектебінде ұзартылған күн тобы жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентің мектептерінде ұзартылған күн тобы жұмыс істей бастады. Мұндай топтар, негізінен, бастауыш сынып оқушыларына арналған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.

Шәкірттер күн ұзаққа мұғалімдер қадағалауында болып, үй тапсырмаларын орындайды. Түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақытын да тиімді пайдаланады. Мұндай жаңалыққа ата-аналар қуанбаса, ренжімейді. Балалармен түске дейін мұғалім, түстен кейін тәрбиеші айналысады. Білім саласында 15 жылдық тәжірибесі бар Перизат Саттарова ұзартылған күн тобымен жұмыс істейді. Оның сыныбында 6 жастан 10 жасқа дейігі 20 бала оқиды. Күн сайын балалар сабақтан кейін осында келеді. Мұнда мұғалімдер шәкірттерге үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі. Олардың бос уақыты да тиімді ұйымдастырылған. Балалар арнайы үйірмелерге қатысып, белгіленген уақытта ойнап та, тынығып та үлгереді. Мұнда арнайы аула клубы іске қосылған. Онда оқушылар көркемөнер, ән-күй, би, шахмат үйірмелеріне қатысады. Балғындар, тіпті, жол қозғалысы ережелері бойынша арнайы дәріс алады.