Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Нұрсат» ықшам ауданында құбырда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымдағы 57 мм. диаметрлі газ құбыры газының жануы орын алды», - делінген ТЖД таратқан хабарламада. Зақым келген учаске магистральден ажыратылды.
3 мың 152 абонент газсыз қалды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 40 адамдық апат бригадасы мен газ желілері қызметінің 9 адамы нысанда жұмыс істеуде. Олардың айтуынша, абоненттердің жартысына бүгін газ берілуі ықтимал.