Шымкенттің полицейлері қыз-келіншектерге тосын сый жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің полицейлері қыз-келіншектерге тосын сый жасады. Жүзден аса тәртіп сақшысы Наурыз алаңына жиналып, «8 наурыз» деп жазған. Жергілікті полиция қызметкерлері осылайша нәзікжандыларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Полицейлер сондай-ақ қызметтік көліктерімен де 8 санын жазып көрсеткен. Бұл көріністерді қалалық әкімдіктегірлер әуеден түсіруге қолғабыс еткен.  Сөйтіп шағын бейнеролик жасалыпты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша дайындыққа бар-жоғы 15 минут кеткен. Ал тосын сый жасау туралы ұсыныс Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшылығынан түсіпті. Қоғамдық тәртіпті бақылаушылардың тосын сыйы әлеуметтік желілерге жарияланып, көпшіліктің қолдауына ие болды.