Шымкенттің жиі қылмыс болатын ауданынан үш жасар қыздың денесі табылды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Май комбинатының айналасы қоршалды. Куәгерлердің айтуынша, осы жерде әлдекімдер үш жасар қызды өлтіріп кеткен. Оқиға орнында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Көршілерінің айтуынша, кішкентай қыз шешесіменбірге жатақханада тұрған. Жан түршігерлік оқиға жатақханадан шамамен 500 метрарыда болған деген болжам бар.

Тамыз айында қыз төрт жасқа толар еді. Қазіроның денесін сот медициналық сараптамасынан өткізу үшін алып кетті.

Жергілікті тұрғын Халипа Қадырованың айтуынша,әйел қыздың шешесінен үнемі бәйек болып жүретін қызыңыз қалай ғана көшедежалғыз қалды деп сұраған. Қыздың шешесі оған қайғылы оқиға болған кезде жұмыстаедім деп жауап берген. Халипа Қадырова енді өзінің немерелерін уайымдапжатқанын айтады.

Сол аудан Шымкенттегі жиі қылмыс болатынаудандардың бірі саналады, тастанды гараждарға үнемі үй-күйсіз жүргендер, нашақорлар,ішімдікке салынғандар ағылады.

Криминалистер сыра бөтелкелерінен, солтөңіректегі заттардан саусақ іздерін алған.

Қазір арықтау келген, 1980 жылы туған, бойы180 см ер адамға іздеу салынған.

Әзірше полиция ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар