Бұлай болуға негіз де жоқ емес. Өйткені, Хунань провинциясы аумағындағы Будда тауының екі шыңын жалғастыратын 30 метрлік аспалы көпір тұтастай шыныдан жасалған.
Айта кетер жайт, бұрын бұл көпір ағаштан тұрғызылған болатын. 2014 жылы оның біраз бөлігі шыныға ауыстырылды. Ал соңғы бірнеше ай бойы тынбастан істелген жұмыстың арқасында әлемдегі түбі шыныдан жасалған алғашқы көпір болып шыға келді.
Суреттерден де алғашқы туристердің қорқыныштан тіпті аяқтарын баса алмай қалғандығы және оларды сүйрелеуге тура келгендігі көрініп-ақ тұр.