Шынжаңда 760 мың адам отырықшылыққа бейімделмек

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов - Қытайдың Шынжаң-ұйғыр автономиялық өлкесінде көшпенді халықты отырықшылыққа бейімдеу жөніндегі бағдарлама қабылданды.

Бағдарламаға сәйкес, 760 мың адамнан тұратын 169,3 мың көшпенділер отбасы он жылда отырықшылық тұрмыс жүргізу үшін барлық жағдаймен жарақталған баспанамен қамтамасыз етіледі.

Жобаны жүзеге асыру барысында жоғары сапалы жемшөп өндіруге 787 мың гектар жайылымдық жер бөлу, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымдарымен жалпы ауданы 11,42 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер салу жоспарлануда.