Шынжаңда А типіндегі аусыл ауруының ошағы тіркеліп, 169 бас ірі қара пышаққа ілінді

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Байчэн уезінде А типіндегі аусыл ауруының ошағы тіркеліп отыр.

Бұл туралы сейсенбі күні Қытайдың Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз кеңсесінен хабарлады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ақсу округінің құрамына кіретін Байчэн уезіндегі фермалардың бірінде қаңтардың 18-інде сиырлар арасында аусыл ауруын жұқтыру оқиғалары анықталған. Індеттерді бақылау және алдын алу жөніндегі жергілікті орталық қаңтардың 22-сінде аталмыш диагнозды растады. Қуаттау үшін сынама үлгілері Аусылды зерттеу жөніндегі мемлекеттік зертханаға жеткізілді.

Мүдделі ведомстволар болса, індетті ауыздықтау үшін жедел шаралар қабылдап, 169 бас ірі қараны сойды.

Бүгінгі таңда инфекцияның жаңа оқиғалары тіркелген жоқ.