Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі үкіметінің ақпараты бойынша, шешім экономикалық дамудың қажеттіліктері мен аудан тұрғындарының талаптарына сәйкес қабылданып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы шілденің 5-інде Үрімшіде орын алған этникалық қақтығыстардан кейін, өлкеде Интернет ажыратылып тасталған болатын. Шілде оқиғаларының салдарынан 192 адам қаза болып, 1700-ден астам адам жараланған еді.
Ал ағымдағы жылдың наурыз айында Шынжаң өкіметі 31 веб-сайтты, электрондық пошта қызметін қайта іске қосты.