Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Қытайдың Қаржы министрлігі табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп отырған ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылықтарын қалпына келтіру мақсатында Шынжаң тұрғындарына орталық бюджеттен қосымша 14 миллион юань қаржы бөлді.
Оған қоса, Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Цзябао өткен демалыс күні істің мән-жайымен және жергілікті өкіметтің апат салдарын жою жөніндегі атқарып жатқан жұмыстарымен танысу мақсатында зардап шеккен аудандарға - Шынжаңның Алтай және Тачэн қалаларына инспекциялық сапар жасады.