деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Халық газеті» сайтына сілтеме жасап.
Шуағы мол көктемді Шынжаңның Алтай аймағында тұратын қазақ қандастарымыз қуанышпен қарсы алды. Жақында аталған өңірде қазақтың ұлттық ат спортын дамыту мақсатында тұңғыш рет «Ақиық ат өнері» деп аталатын бірлестік құрылып, осыған орай ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу сияқты ұлтымыздың спорттық мәдени қимылдары өткізілді.