Шынжаңның Құмыл аймағында қалың қар жауды

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Шынжаңның Құмыл аймағында, Тәңіртау (Тяншан) өңірлерінде қалың қар жауды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Халық газеті» сайтына сілтеме жасап.

Мамырдың 15-16-сы күндері Құмыл аймағының солтүстігі, Тәңіртау өңірлерінде қалың қар жауып, жол қозғалысына, электр қуатына, ауыл шаруашылығына ауыр зиян келтірді. Қазір тиісті орындар карды күреп, жолдарды ашуда.