ШЫҰ мен ЕҚЫҰ-ға төрағалық ете отырып Қазақстан бейбітшілік, достық пен өзара түсіністікті нығайту жолында қолдан келгеннің бәрін жасауда - ҚР Бас консулы А.Кәрібеков

БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Биылғы жыл біздің еліміз үшін ішкі және сыртқы маңызды оқиғалармен ерекшеленді. Осындай маңызды оқиғалардың бірі - жас мемлекетіміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі болды.

Ол Қазақстан қоғамындағы бірлік пен патриотизм сенімін арттырып, елдің одан әрі демократиялық дамуының қуатты катализаторы болып, қазақстандықтардың өмір қалпын еуропалық стандарттарға дейін жеткізуге зор серпін берді. Осы туралы Шанхай қаласында ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған алдағы ЕҚЫҰ Саммитіне орайластырылған ресми қабылдау барысында ҚР Бас консулы Абдулманап Кәрібеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан жас мемлекет бола тұра, біраз жетістіктерге қол жеткізді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған реформалар Қазақстанды ТМД елдерінің арасында өзгерістердің әлем таныған көшбасшысына айналдырды.

Әлем мемлекеттерінің арасында этникалық азшылықтың елеулі бөлігі бар көпұлтты мемлекет бола тұра, Қазақстан қоғамдық сананың қайта құрылуы және экономикалық қарым-қатынастардың моделі өзгеріске ұшыраған жылдары бұрынғы кеңестік кеңістіктегі өзге елдерден өзгеше бейбітшілік, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтай алды.

Біздің елімізде ұлттық-мәдени көпшілдік пен бірліктің құрылуы мен дамуының өлшенбелі мемлекеттік саясаты жүзеге асырылуда. Этникалық азшылықтар тұрып жатқан аймақтарда ұлттық мектептер салынды, оларда ана тілі ретінде 16 тіл оқытылуда. Мемлекет 500-дей ұлттық-мәдени бірлестіктердің, 20 республикалық және аймақтық ұлттық газеттер, радио және телебағдарламалар, 6 ұлттық театрға қолдау көрсетіп келеді.

Қазақстан Республикасының қазіргі қол жеткізген табыстарының логикалық нәтижесі ретінде шетелдік мемлекеттердің ресми өкілдері тарапынан халықаралық қолдауға ие болуын және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа сайлануын атауға болады.

Қазақстан осы Ұйымның жауапкершілігі ауқымындағы қауіпсіздік проблемаларын жаңашыл тұрғыда бағалады, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға ЕҚЫҰ-ның қолдау көрсетудің мүмкін жолдарын іздеуі осы сөзімізге дәлел. Мәселен, Қазақстан төрағалық ету құқығына ие болмай тұрып-ақ, ЕҚЫҰ-ның осы мемлекетке көмектесу мүмкіндіктерін қалыптастыру және кеңейту мәселелерін зерттеуді қолға алды, осының арқасында Ұйымның қолда бар ресурстары мен мандаттары аясында Ауғанстан үшін аса қажетті көмек бағыттарын белгілеп алуға мүмкіндік туды.

Қазір қазақстандық төрағалық өзінің шешуші сатысына кіруде. Желтоқсанның 1-2-сінде Астанада осы Ұйымның өмірінде кезеңді оқиға болатын және оның болашақ рөлін айқындап беретін ЕҚЫҰ қатысушы-елдері мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өткізіледі. Саммиттің маңызды міндеті ретінде біз Ұйымның қатысушы-елдерінің басшылары тарапынан орасан Еуроатлантикалық және Еуразия кеңістігінде қауіпсіздік пен тиімді байланыстардың шынайы қоғамдастығын алға тартатын ЕҚЫҰ Жол картасы болатын құжаттарды дайындап, қабылдауы деп білеміз, деп атап өтті ҚР Бас консулы.

Бұл ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттері басшыларының қауіпсіз әрі озық әлемді құруға бағытталған ұмтылыстарына қосқан Қазақстанның үлесі болады. Өз тарапмынан, ЕҚЫҰ төрағалығының Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мерейтойлық төрағалығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өткім келеді, - деп қосты А.Кәрібеков. Өйткені биылғы жылы ШЫҰ өзінің мерейтойы - құрылғанына 10 жыл толғанын тойлағалы отыр.

ШЫҰ мен ЕҚЫҰ-ға төрағалық ете отыра Қазақстан елдер арасындағы достық қарым-қатынастар негізінде бейбітшілік, достық пен өзара түсіністікті нағайту үшін қолдан келгенді жасайды, осы секілді іс-шаралар дос ретінде пікір, ақпарат және тәжірибе алмасуға жол ашады.

Қазақстан мен Қытайдың арасында екіжақты достық байланыстардың дамуында екіжақты стратегиялық әріптестік шеңберіндегі білім беру саласындағы байланыстар ерекше орын мен рөлге ие, деп атап өтті дипломат. Ол 1994 жылғы желтоқсанның 30-ында Алматыда қол қойылған ғылыми-техникалық байланыстар туралы үкіметаралық келісім негізінде, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚХР Білім министрлігінің арасында 2003 жылғы маусымның 3-інде қабылданған Келісімге сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі күні Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында 6 мыңнан астам қазақстандық студенттер білім алуда. Олардың оқуының ақысы ҚР Президентінің «Болашақ» шәкіртақысы, ҚХР үкіметтік гранттары, Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының шәкіртақысы, Конфуций институты, Қытайдың муниципалитеттері мен жоғары оқу орындарының түрлі гранттарының, сонымен қатар студенттердің жеке қаржысы арқылы төленуде. Оның үстіне 800 студент бакалавриат, магистратура мен аспирантураларда оқып, әлемнің 100 үздік университеттері қатарына кіретін және рейтингісі жоғары саналатын Шанхай ЖОО, ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өтуде.

Шанхайдағы қабылдау кезінде сөйлеген сөзін аяқтай келе, А.Кәрібеков: «біздің білім беру саласындағы байланыстарымыз Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікке негізделген достық, татулық қатынастарға өзінің орасан үлесін қосады деп үміттенемін», деді.

Қабылдауға құрметті қонақтар ретінде Шанхайдың ғылыми ортасының өкілдері, Шанхайдың халықаралық зерттеулер институтының ғалымдары, халықаралық байланыстар басқармаларының директорлары мен қызметкерлері, сонымен қатар қазақстандық студенттер білім алып жүрген Шанхай қаласының 11 жетекші университетінің профессорлық-ұстаздық құрамы өкілдері шақырылды.