Қысқа уақыт ішінде видеоның көрілім саны 2,2 млн адамға жетті.
Көрермендерді фокусшының шеберлігі тәнті етті. Трюктің қарапайым болғанына қарамастан, адамдар видеоның астында жас жігіттің саусақтарын қайда жібергендігін, оны орнына қалай қойғандығын түсіне алмай дал болып, пікір қалдырып жатыр.