Silk Way Star жобасының қатысушылары Қазақстанды Конституция күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық Азия, Кавказ және Қытай елдерінен келген орындаушылар — ірі музыкалық жобаның қатысушылары «Silk Way Star» — Астана қаласы бойынша қызықты экскурсия жасады, деп жазды Kazinform тілшісі. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Мәдени бағдарлама аясында Азия елдерінен келген қонақтар Қазақстанның ұлттық дәстүрімен, рәміздерімен және рухымен танысты. Экскурсия барысында қазақ мәдениетінің элементтері — «Жеті қазына» рәміздері, патриоттық әндер мен достыққа толы жылы қарым-қатынас қатар жүрді.

Астанадағы ең биік ту тұғырында халықаралық Silk Way Star жобасының қатысушылары Қазақстан халқын Конституция күнімен және Ата Заңның 30 жылдығымен құттықтады.

Толығырақ — Ағибай Аяпбергеновтің фоторепортажында.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

Еске сала кетейік, «Silk Way Star» — Азия музыкасының үні. Бұл — Азия мемлекеттері арасында алғаш ұйымдастырылған музыкалық байқау. 

«Silk Way Star» — франшиза емес, отандық мамандардың медиа өнімі.

Осы байқауда Қазақстан атынан қатысып жатқан Alem «Мен үшін бұл үлкен мәртебе» деген еді.

25 тамыз күні Бейжіңде ШЫҰ-ның гуманитарлық алмасу-2025 бойынша «Үйлесімділік пен бірлік: болашақты бірге жасаймыз» форумы өтті. Форумда «Silk Way Star» халықаралық музыкалық шоуының ашылу салтанаты өтті. Бұл ҚР Президенті ТРК мен Қытай CMG медиа корпорациясының бірлескен жобасы екенін еске сламыз.