Синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні болуы қаупін ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Алматы облысында қар көшкііні болуы қаупіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуы және жауын-шашын салдарынан 6 сәуірде қар көшкіні болуы мүмкін», - делінген хабарламада. 


Көшкін жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.