«Биыл Астана күні мерекесі мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі тұспа-тұс келіп отыр. Астана Қазақстанның құрылуы мен дамуының символына айналды. Астана - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың асқақ арманы мен керемет жобаларының жүзеге асқан бейнесі. Мәдениеттер тоғысқан мекен, халықаралық ынтымақтастық пен дипломатия дамыған қоныс», - дейді өңір басшысы.
Ерік Сұлтанов, сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қоғамдастық бейбітсүйгіш, толерантты, бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрып жатқан мемлекет ретінде таныған ел екенін атап өтті.