СҚО әкімі егін жинау науқанына дайындықпен танысты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданының «Якорь СК» ЖШС және «Митронин» ЖШС агроқұрылымдарының егіс алқабында болды.

«Якорь СК» ЖШС жинау науқанын 20 тамызда бастауды жоспарлап отыр. Компания басшысы Владимир Очеретенконың сөзіне қарағанда, техника дайын, қажетті жанар-жағармай бар», - деді аймақ басшысының баспасөз қызметінде.

«Митронин» ЖШС егіс алқабы 2 200 га құрайды. Компанияның негізін қалаған Кирилл Митронин түсім жақсы болатынын айтты.

Биыл СҚО-да 4 миллион 366 мың 400 га аумаққа егін егілді. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 19 мың га құрады. Агроқұрылымдар гектар өнімділігі 15 центнерді құрайтын түсім алуды жоспарлап отыр.

Жинау науқанына 9 мың комбайн қатысатыны жоспарланған. Олардың әрбір үшіншісі жоғары өнімді. Жыл басынан 6,3 млрд. теңгенің 577 техникасы сатып алынды. Олардың 68-і жоғары өнімді комбайндар. Сомасы 1,9 млрд. теңге.

Облыста лицензиясы бар 54 қабылдау кәсіпорны бар. Олардың сыйымдылығы 3,4 млн тонна, қосымша жалпы сыйымдылығы 190 мың тоннаны құрайтын 9 дән қоймасын қолданысқа енгізу көзделген. Сонымен қатар облыс агроқұрылымдарында жалпы сыйымдылығы 3,1 млн. тонна қойма бар.

Шаруашылықтар тиісті көлемде дизель отынымен қамтылды. Биыл мемлекет егін жинауға арзандатылған бағамен сатылатын 73 мың тонна жанар-жағармай бөлді.

Қазір СҚО-да 3283 га күздік дәнді дақылдар жинау жұмыстары ырғақты жүріп жатыр.