деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуді аша отырып, аймақ басшысы, қазіргі уақытта облыста 15 мұрағат мекемесінің, оның ішінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының жұмыс істейтінін атады. Мұрағаттардың сақтауында барлығы 4 000 қор бар, оларда 1 миллионнан астам құжаттар сақталған.
Аймақ басшысының айтуынша, құжаттардың іс жүзіндегі жай-күйін жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.
Кездесу барысында аймақ басшысы ведомствоның бір топ қызметкерлеріне наградалар тапсырды.
Бес қызметкерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы тапсырылды.
Облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздры дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Аймақ басшысы мұрағат қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтады, олардың жұмыстарына игілік пен табыс тіледі.