Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов лентаны кесу құрметті құқығынан кейін жаңа сауда-ойын сауық орталығында клиенттер үшін жасалған жағдайлармен танысып, супермаркеттің бірінші сатып алушысы болды.
Бұл Петропавлда осындай алғашқы сауда-ойын-сауық орталығы екенін атап өту керек. Онда отандық және шетелдік тауарлар мен азық-түліктің көп түрі ұсынылған гипермаркет, мейрамхана, өндірістік цехтар бар. Аталған жобаны іске қосу 250 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.