Алексей Луценконың сондай-ақ сары жейде иегерi, «Ең үздiк тау велошабандозы» және «Азиялық үздiк шабандоз» атақтары және бар.
«Барша солтүстiкқазақстандықтардың және өз атымнан «Тур Хайнань-2016» халықаралық жарысында үздiк нәтиже көрсетуiңiзбен және жалпы жiктелiмдегi жеңiсiңiзбен құттықтаймын!
Сiз барша қазақстандық жанкүйерлерге естен кетпес әсер сыйлап, елiмiздi кезектi рет әлем алдына танытып, мыңдаған жас қазақстандықтарға үлгi көрсеттiңiз!», - делiнген жеделхатта.
Ерiк Сұлтанов Алексей Луценкоға денсаулық, береке және жаңа жетiстiктер тiледi.
Бұдан бөлек, Турдың бiрнеше кезеңiнде «Астана» командасының құрамындағы тағы бiр солтүстiкқазақстандық спортшымыз Руслан Тiлеубаев та табысты өнер көрсеттi.
СҚО әкiмi Ерiк Сұлтановтың атынан құттықтау жеделхаты «Astana» кәсiби командасының бас менеджерi Александр Винокуровқа да жiберiлдi. Өңiр басшысы олимпиада чемпионы бастаған команда «Тур Хайнань-2016» халықаралық жарысында қазақстандық жанкүйерлердiң есiнен кетпес ойын өрнегiн көрсете отырып, елiмiздi мақтан ететiн ерекше әсерге бөлегенiн атап өттi.
«Солтүстiкқазақстандық велоспорт тәрбиеленушiлерi өз жанкүйерлерiне нағыз мереке сыйлады және өздерiнiң әлемнiң түрлi трассасында жеңiлмейтiн қарсылас екендiктерiн кезектi рет дәлелдедi.
Бұл барша «Astana Pro team» командасының бiлiктiлiгi, қажыр-қайраты, шабандоздарының кәсiбилiгi, сондай-ақ, қазақстандық велоспортты дамытудағы Сiздiң өлшеусiз үлесiңiздiң арқасында жеткен жетiстiк. Сiздi «Astana» командасының Хайнань турында жоғары өнер көрсетуiмен шын жүректен құттықтаймын!», - делiнген жеделхатта.
Ерiк Сұлтанов Александр Винокуровқа зор денсаулық, бақыт пен береке, «Astana Pro team» командасына жаңа жеңiстер тiледi.