СҚО әкімінің кеңесінде Петропавлдағы жолаушылар көлігінің мәселелері қаралды

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавл қаласындағы жолаушылар көлігінің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеңесте облыс орталығындағы қоғамдық автокөлік кәсіпорындарының жұмыстарындағы кемшіліктер туралы әңгіме болды. Олардың ішінде жолаушыларды қамтуда жылдамдық тәртібін, жолаушылар автокөлігі қозғалысының кестесін бұзу, жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі сияқты мәселелер бар.Облыс әкімінің кеңесшісі Олег Пономаревтың атап өткеніндей, сегіз автокөлік кәсіпорнында наурыздың 16-сында өткізілген мониторингтен кейін де оншалықты өзгерістер бола қойған жоқ. Мысалы, ведомстволар мен кәсіпорындардан көлік құралдарының ауыртпалығын жеңілдету вокзал маңындағы алаңда автокөлік қозғалысын, жиі көлік қатынасы байқалатын негізгі қалалық магисталдардағы қозғалыстарды реттеу мәселелері бойынша нақтылы ұсыныстар түсе қойған жоқ. Ол сонымен қатар, рейс алдында және рейстен кейін жүргізушілерді тексеріп қарау жүйесін реттеу қажеттілігі пісіп жетілгенін атап айтты. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің тек 50 пайызының ғана медициналық тексеру жүргізуге лицензиясы бар.Аймақ басшысы облыс әкімінің орынбасары Александр Чжен басқаратын мүдделі қызметтер мен ведомстволардың өкілдері енетін комиссия құруды тапсырды. Комиссия жолдардағы жағдайды жақсарту, жолаушылар автокөлігінің қозғалысын реттеу үшін Петропавлда бірыңғай диспетчерлік желіні құру, орталық магистралдарда қайталанатын бірқатар бағдарларды тарату, қаланың шет аумақтарын көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуі тиіс.