«Тексерілген сауда кәсіпорындарының жалпы санының 48,7 пайызының басшылары 2015 жылдың 3 тоқсанында өткен тоқсанмен салыстырғанда тауар айналымы көлемінің өзгермейтінін, 26,9 пайызы - азаятынын және 24,4 пайызы - бұл көлемдердің өсірілетінін хабарлады. Сұрау жүргізілген кәсіпорын басшыларының жалпы санының 55,1 пайызы отандық тауарлар сатуды, ал қалған 44,9 пайызы - импорттық тауарларды сатуды қалайды», - делінген хабарламада.
Сұрау жүргізілген кәсіпорындар басшыларының көбі тауар қорлары көлемдерінің өзгермейтіні туралы хабарлады.