Департаментте осынау мейрамға арналған мерекелік концерт өтті, конкурстар ұйымдастырылды, салт-дәстүрлер қойылымы сахналанды.
Оның ашылуында кіріспе сөз сөйлеген департамент бастығының міндетін атқарушы Қайсар Мәлғаждаров жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтады. «Жаңару мерекесі, бірлік пен достық мерекесі болып табылатын Наурыз - барша қазақстандықтардың жалпыұлттық және сүйікті мерекесі», - деді ол.