Биыл жергілікті аграршылар гектарынан 17,4 центнерден астам орташа өнімділіктен 5,5 млн тонна астық бастырды. Майлы дақыл, картоп, көкөністер жақсы өнім берді.
«Мол өнім алу үшін көктемгі-жазғы кезеңдерде ауқымды жұмыс жүргізілді. Алаңға 46 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, гербицидтік өңдеу жүргізілді, зиянкестер мен ауруларға қарсы шаралар қабылданды, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді сұрыпты тұқымдары сатып алынды. Облыс аудандары сұрыпты 23 пайызға дейін жаңартты. 2016 жылға арналған тұқым толық көлемде дайын», - деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімі Ерік Сұлтанов.
Ағымдағы жылдың жинау науқанына 8 мыңнан астам астық жинайтын комбайн қатысты, олардың 3 мыңға жуығы жоғары өнімді. Дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет 138 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді.