"2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында үш нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олар Петропавлдағы 2 мектеп пен бір балабақша. Сондай-ақ Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында 300 орындық мектеп құрылысы басталды. Жекеменшік инвестиция есебінен Петропавл қаласында 800 орынға арналған 3 балабақшаның құрылысы аяқталуда», - деді В. Бубенко.