СҚО-да № 2032 әскери бөліміндегі бөлімше бастығының орынбасары қарамағындағы қызметкерді соққыға жықты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің № 2032 әскери бөліміндегі бөлімше бастығының орынбасары қарамағында жұмыс істейтін қызметкерді соққыға жықты.

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің № 2032 әскери бөліміндегі бөлімше бастығының орынбасары, капитан Б. өз қарамағында жұмыс істеп жүрген қызметкерінің әрекеттерін жақтырмайтындығын білдіріп, билігі мен қызметтік өкілеттігін асырып, лейтенант Б-ны сабаған», - деп ақпараттандырды Петропавл гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Асылхан Смағұлов.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Орталық аймақтық әскери-тергеу басқармасының Петропавлдағы тобының тергеушісі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.