25 сәуір күні үгіт бригадасы Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Степанович Синичкиннің үйіне барды. Ол Қызылжар ауданының Вознесенка ауылында тұрады. Сол күні майдангер 90 жасқа толды. Шығармашылық ұжымдар Александр Синичкиннің үйінің ауласында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
«Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында Қызылжар ауданында шаралардың үлкен кешенді жоспары жасалды. Сондай жарқын шаралардың бірі - үгіт бригадасының «Ардагерге сыйлық» мерекелік бағдарламасы. Біз ауданымызда тұратын барлық 12 ардагердің үйіне барып, оларға шексіз алғысымызды білдірмекшіміз», - деп баяндады ҚазАқпарат тілшісіне берге сұхбатында Қызылжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Сара Алдаева.