Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Руслан Есеналиннің берген ақпараты бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары спортпен белсендірек айналыса бастаған: үш жылда бұл көрсеткіш 26,7 пайызға дейін өскен. Алайда ересек тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту үшін спорттық алаңдар жеткіліксіз. Бұл мәселені спорттық ғимараттарды салу арқылы шешуге болады.
«2014 жылы және ағымдағы жылдың басында Новоишимское және Жаркен ауылдарында екі дене шынықтыру-сауықтыру орталығы пайдалануға берілсе, Новоишимское ауылында 25 метрлік жүзу бассейні ашылды», - деді Р.Есеналин.
2015 жылы Қызылжар ауданының Бескөл ауылында және Новоникольское ауылында тағы екі кешен, ал Петропавлда Спорт сарайы салынбақ.
Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов облыстың елді мекендерінде футбол алаңдарының жеткіліксіз саны бойынша ескерту жасады.
«Барлық елді мекендердің әкімдеріне футбол алаңдарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру керек, себебі осындай қажеттілік туындап отыр, адамдар футбол ойнағысы келеді. Біздегі 680 елді мекеннің әрқайсысында футбол алаңы болуы тиіс», - деді аймақ басшысы.
Бұдан басқа, ол облыста қосымша 100 хоккей кортын ашуды бұйырды.