Бұл туралы СҚО статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Қазіргі баға бойынша 75,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облыстық өндіріс көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 68,2% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 51,6 млрд. теңгенің тауары өндірілді.
Машина жасау саласында 10,9 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл саладағы өсім электронды өнім өндірісінің 70,7%, электр жабдығы өндірісінің 3,6 есеге артуы есебінен болды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 36,3 млрд.теңгені немесе өткен жылғы сәйкес мерзімнің 105,6% құрады.